top of page
Фото автораt7000qwe

Даму тарихы



2002 жылы құрылған ЖШС « Арман-ПВ баспасы» келесі  қызмет түрлерін қамтамасыз етеді:

  • Баспа, ақпараттық кеңес беру, полиграфия, жарнама қызметтері.

  • Оқулықтарды, оқу əдістемелік кешендерді, оқу құралдарын жəне плакаттар, электрондық, мультимедиялық оқу кешендерін əзірлеу.

  • Көтерме бөлшек сауда қызметі. Бөлшектеп сату жəне делдалдық қызметтері арқылы дүкендер ашу.

  • Безендірушілік, жарнамалық, делдалдық, кеңес беру жəне баспа, типография қызметтері.

  • Инвестициялық, өндірістік, сауда, өкілдік қызметтерге қатысу жəне ұйымдастыру, кәсіпорындар, ұйымдардың маркетингтік, қаржы жəне басқа қызметтерін жүзеге асыру, инжиниринг.

  • Кадрларды дайындау жəне оқыту.

«Арман-ПВ» баспасынан ұсынылған оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер, оқу құралдары мен электронды оқулықтар, сандық білім қорлары – тұтынушының талап-тілегін, тұлғаның физиологиялық, психологиялық болмысын, жас ерекшелігін, әлеуеттік мүмкіндіктерін жан-жақты ескеріп, сонымен қатар ғылым-білімді меңгертудегі отандық және шетелдік педагог-ғалымдардың тиімді технологиялары мен әдіс-тәсілдерін, оқулық авторларының, озық ойлы ғалымдар мен тәжірибелі әдіскер-ұстаздардың тың ізденістерін кіріктіре отырып жасалған өнімдер. Баспа электронды оқулықтар мен сандық білім қорларын жалпы білім беретін орта мектептерге ғана емес, сонымен қатар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына да арнап шығарумен айналысады.

Баспа өнімдері полиграфияның жоғары деңгейі мен мұқият таңдалған иллюстрациялық сериялар, сондай-ақ қайталанбас дизайнерлік безендірілуімен ерекшеленеді.Баспа қызметкерлері бірнеше жыл бойы Мәскеу, Франкфурт, Алматы және Астана қалаларында өтетін ең ірі халықаралық кітап көрмелеріне қатысып келеді.

Авторлар ұжымы үздік әдіскер-педагогтер, тәжірибелі ұстаздар мен елімізге танымал ғалымдардан тұрады. Олардың қатысуымен әзірленген оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер, оқу-әдістемелік әдебиеттер оқу-тәрбие үрдісін қамтамасыз ететін жалпы білім беретін мектептерде, мектепке дейінгі мекемелерде табысты пайдаланылуда.  Бұл – қазақ тілді мектептер үшін 5–11-сыныптарға арналған «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «География», «Жаратылыстану», «Информатика», «Математика», «Русский язык», «Физика», «Зайырлылық және дінтану негіздері», «Абайтану» оқу-әдістемелік кешендері, «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Информатика», «Русский язык», «Русская литература», «География», «Естествознание», «Физика», «Светскость и основы религиоведения» – оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептер үшін дайындалған оқу-әдістемелік кешендері. Оқулықтар мазмұны ұлттық құндылықтарға, оқушылардың оқу-танымдық, мәдени, қарым-қатынас, ақпараттық, әлеуметтік және өзін-өзі дамыту құзыреттіліктерін дамытуға негізделген, ізденіске жол ашатын зерттеушілік әдіс арқылы өздігінен білім алуға дағдыландыратын логикалық сұрақтар мен тапсырмаларға, сұхбат-сұраққа, түрлі танымдық тақырыптағы айдарлар, энциклопедиялық түсінік және тағы басқа мәліметтерге құрылған. Әр пән бойынша оқу-әдістемелік кешендерді дайындаған авторлық ұжым өз тәжірибелері мен шетелдік тәжірибе негізінде оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығына жол ашатын, шәкірттің шығармашылық ізденісіне бағыт-бағдар беретін, функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға ықпал ететін жаңа дәуір мен уақыт міндеттеп отырған талаптарға сай оқулықтар жасауды мақсат тұтқан. Оқулық құрылымындағы өзекті мәселелерді көтеріп, диалог туындататын сұхбаттар, бүгінгі күн тынысынан хабардар ететін тың мәтіндер мен өзін-өзі дамытуға бағытталған тақырыптық айдарлар  ақпараттық және заманауи өзгерістер ауқымын қамтуға мүмкіндік береді

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша баспа авторлары әзірлеген және оқу процесіне енгізілген оқу-әдістемелік құралдар кешендері:  «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Физика», «Информатика» 5, 7 сыныптарға арналған.  Сонымен қатар оқу процесіне 3 сыныпқа арналған «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» ОӘК, 6-8 сыныптарға арналған  «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Физика», «Информатика», «Русский язык», «Русский язык и литература», «Русская литература» ОӘК ұсынылған.

«Арман-ПВ» баспасының оқулықтары дамыта оқыту парадигамасы аясында әңгімелесуші оқулықтар ұстанымы негізінде жазылғандықтан, оқушымен әңгімелесе отырып, тұлғаның жан-жақты дамуына бағытталған әртүрлі тақырыптық айдарлар мен тапсырмаларды, логикалық,  мәселелік сұрақтарды, деңгейлік жаттығуларды қамтиды. Бұл – әдістер мен тәсілдер жинағы емес, сыныпта жұмыс істеудің, оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасына негізделген жұмыс түрлерін қамтитын жүйе.  Оқулықтарда ұсынылған мәселелік диалогтерді қолдану балаларды өз бетімен ойлануға, ойын жүйелеуге, талдау жасауға бағыттаса, бағалау технологиясы өз жетістіктерін бағалауға үйретеді. Оқулықтар жүйелі түрде толықтырылып, жаңаланып отыратын, мұғалімдерге арналған әдістемелік құралдармен – «Мұғалім кітабымен» қамтамасыз етілген. Оқушыларға арналған «Жұмыс дәптерлерінің» тапсырмалары оқулық тапсырмаларын толықтырып,  шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін дамытуға бағытталған. Оқулықтарда «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі» (авторлары Ж.А.Қараев, Ж.У.Кобдикова), «Оқытудың модульдік технологиясы» (М.М.Жанпейісова), «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы» және т.б. педагогиканың заманауи жетістіктері мен инновациялық технологиялар кеңінен қолданылған.

Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу мекемелері үшін «Қатынас», «Шығармашылық», «Денсаулық», «Әлеумет», «Таным» білім салаларына біріктірілген оқу-әдістемелік кешендері дайындалды. Оқу-әдістемелік кешендер құрамына әдістемелік құралдар, жұмыс дәптерлері, хрестоматиялар мен альбомдар, жаттығулар жинағы мен дидактикалық материалдар кіреді.


Баспа тарапынан оқу-әдістемелік кешендерден басқа оқушының  жеке даму траекториясын құруға мүмкіндік туғызатын қосымша оқу әдебиеттерін де шығару қарастырылған. Баспадан «Зерде», «Тұлғатаным», «Алтын жылға», «Есептер әлемі», «Білім – қазына», «Ұстаз шеберханасы», «Сөз сыры», «Әдеби мұра», «Литературное наследие», «Ғаламтану», атты топтамалармен  жарық көрген қосымша оқу құралдарынан оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға жауап алуларына,  таным көкжиектерін кеңейтіп, білімін толықтыруларына толық мүмкіндіктері бар.

Барлық баспа өнімдері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан бекітіліп ұсынылғандықтан, білім беру мекемелерінде табысты пайдаланылуда. Болашақта да жүзеге асатын көптеген жаңа жобалар бар. ЖШС «Арман-ПВ» баспасының негізгі мақсаты – өз тұтынушыларын сапалы оқу әдебиеттерімен қамтамасыз ету, мүмкіндігінше мазмұнды және қайталанбас оқулықтар мен кітаптар шығару.

398 просмотров0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все

Comments


bottom of page